Posted by: timurrr | May 26, 2010

Қайран, Абай, қазағың..

Сілтемеден сілтемеге өтіп отырып, kazneb.kz атты мемлекеттік кітапхана    қорынан бір шықтым да, электронды кітаптар бөліміне өту үшін тіркеле салғам.    Сөйтіп бета нұсқадағы қызметті тамашалап отырып, «кітап іздеу» деген жерге  Абайды енгізгем, әр жылдарда баспа бетінен жарық көрген бас ақынның өлең  жинақтары, шығармалары шықты. Бір жақсысы – кітаптың толық нұсқасын  электронды түрде парақтай аласыз да, пдф нұсқасындағы тек қана алғашқы 24  бетін көшіре алады екенсіз. «Жалын» баспасынан 1995 жылы ақынның 150  жылдығына арнайы шыққан «Қалың елім, қазағым» атты шығармалар жинағын  көшіріп алдым да, қарауға көштім. Бақсам,.. мен бұрын естіп көрмеген, оқымаған үш  өлеңі дәл алғашқы беттеріне шығыпты. Оның бірі –

«Кім екен деп келіп ем түйе  қуған,

Қатын ғой күлдәрімен белін буған.

Төркінінің бергені жауыр айғыр,

Бауырыңды ұрайын бірге туған!», – десе, екіншісі одан да асып түсіп былай  дейді:

Шәріпке

«Түңлікбайдың қатыны, атың Шәріп,

Байға жарып көрмеген сен бір  кәріп.

Сен – шыққан жол үстінде жалғыз түп ши,

Көрінген ит кетеді бір-бір  сарып».

Одан кейінгі үшінші «Абралыға» деген өлеңді оқып тіпті ішек-сілем  қатқанша күлдім. Бүгінгі күнге қатып кетеді екен:

«Мен жасымнан көп көрдім,

Мұсылманды, кәпірді.

Абралыдай көрмедім

Намаз білмес пақырды.

Қираәтін* оқытып

Көріп едім, шатылды.

Ниет қыла білмейді,

Не қылады нәпілді**?

Намазшамның*** артынан

Құржаң-құржаң етеді.

Жер ұшық**** берген кісідей

Тоңқаңдай ма, не етеді?

Нәпіл түгіл, намазы

Бәрі желге кетеді.

«Еннатайын кәлкаусар*****»,

Пошал дереу, күннәкар!

Аяғын ойлап айтқаны:

«Әні-шаны күлаптар******».

Осы оқумен намаздың

Қай жерінде сауап бар?

Тегін ойлап, байқасаң,

Мұнда ми жоқ, құлақ бар».

..Ех, Абралы, бүгінгі «Абралыға» қарағанда діни сауатты екенсің! Мұхаммед с.ғ.у. Пайғамбарымызды айтпағанда, Абай атамыздың өзі бүгін тіріліп келсе, Абралының Абралысын көріп, қазағынан одан сайын безіп кетер ме еді, Құдай білсін…

* – намазда тұрып арабша құран оқу;

** – 5 парыз намаздан бөлек міндетті емес, сүннет, қосымша намаздар;

*** – Күн бата оқылатын, ақшам намазы;

**** – ұшынып ауырған адамды күн батып бара жатқанда күнбатысқа қаратып, едел-жедел жатқызып-тұрғызып ұшықтау;

***** – Құран аятының «Иннә ахтойна кәл-кәусар» (Кәусар сүресі) өрескел бұзылып айтылуы.

****** – Құран аятының «Инна шанийякә хуәл әбтар» (Кәусар сүресі) өрескел бұзылып айтылуы.

Advertisements

Responses

  1. “Мұнда ми жоқ, құлақ бар”! Қандай керемет айтылған! Өлеңнің барлық салмағы осында жатыр! Қазір осының кебін киіп жургендер қаншама…


Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

Categories

%d bloggers like this: