Posted by: timurrr | May 25, 2010

Жолбаян

..Дәл бір аптаға созылған сапардан елге де келіп қалдық…

Біздер «Арнайы жобаның» элиталық «әскерлері» болғандықтан, Англияға PRINCE2 атты курсқа жіберген болатын. Сапар өте қызықты болды. Бұл менің ел аумағынан алғаш шығуым. Уақыт айырмашылығының өзіндік жақсы да жақтары бар екен. Атыраудан таңғы 6-дан 10 кеткенде әуеге көтерілген біз 10 сағаттан соң Лондон әуежайына қонсақ та, ол жақ бізден 4 сағат кейін болғандықтан, дәл түскі 12 болды. Сөйтіп бесініме жайбарақат үлгердім. Компанияның курсты ұйымдастырушылармен келісіп отырып, трэйниң өтеді деп белгілеген жері – Хэмпшир ауданындағы Бэзиңстоук қаласының маңындағы Чайнэм деген елді мекен екен. «Ауыл» десек те болады. Бірақ тазалығына сөз жетпейді.

Англияға Мәскеу арқылы бардық та аралық әуежай Домодедово болды. Дәл 9 мамыр, айтулы күн болғандықтан тексеру өткеліндегі орыс-қатынға өзімше барлық шат-шадыман кейпіммен «Мерекеңізбен!» десем, «Бүйткен мерекесі құрсын. Жасап бердіңдер мерекені! Былшырамай, ұйықтамай болсаңдаршы!» деп ұрсып кеп бергені дейсің… Көңілім су сепкендей басылды. Орыс мінезі. Сол өткелде сондай-ақ, «Салмағы 100 мл-ден асады» деп бетке жағатын кремім мен «Шөлдегенде ішем» деп алған «Айналайын» шырыныма кәмпеске жасады. Ал есесіне Лондоннан Атырауға кері сапарымызда Домодедоваға соққанда алдымда тұрған орыстардың бір қалта арақ-шарабын бір-екі қарады да бере салды. Бәлкім бұл да «орыс мінезі» болар…

Сөйтіп, Лондонның ең үлкен Хитроу (Hithrow) әуежайына да табан тіредік. Сұмдық үлкен екен. Әр терминалының өзі біздің Алматы әуежайындай бар болар. Ешқандай «приключениеге» ұрынбай, заты жұмсақ халық болғандықтан баааа, әйтеуір әуежайдағы «ледилері» де сыпайы қарым-қатынаспен сұрақ-жауап алмасқан соң, «Бэйзиңстоук, қайдасың?!» деп автобуспен тартып кеттік. Ол жақтың көлік қозғалысы сол жақ болғандықтан, жүріп келе жатқанымызда маған өте қызықты көрінді. Сөйтіп Бэйзиңстоуктан тағы бір автобус ауыстырып, Чайнамға да жеттік. Бір жақсысы ол жақтың бәр жерінде автобустар арасына көп уақыт салмай, жиі жүріп тұрады екен. Қазақтар үшін арман болған метросының өзі жалпыхалықтық қатынас құралы екен. Құдды бір қаланың астындағы қала секілді.

Чайнам тыныш, әдемі, тап-таза ауыл боп шықты. 4 жұлдызды қонақ үйі де керемет. Біздің Алматыдағы 5 жұлдызды «Достықтан» әлдеқайда артық көрінді мен үшін. 3 күн PRINCE2 Foundation, 1 күн Practitioner оқыдық. Ауылдағы ағылшыншам ана жақта ойнамай қалды. Секундына 10 сөйлем айтатын инструкторымыздың айтқан жарты сөзі далаға кетіп, құлағыма кірген жарты сөзінің жартысын ғана ұқтым. Мәселе сөздік қорымда емес, мәселе есту қабілетімде екен. «Лисниң скилл» деуші еді ғой. Сөздерінің жартысын жей ме, жұта ма, обшым сондай бірдеңе. Тіпті Лондонға метроға билет алып тұрып, «кассир ағайдан» қайдан мінетінімді үш рет сұрап, қанын іштім. Ол да жынадынп кетті-ау деймін, «Сен менің уақытымды алып тұрсың, бала» деді. Айтып-айтпай не керек, 2 емтихан тапсырып, біріншісінен өтіп, екіншісінің жауабын екі аптадан соң хат арқылы алатын боп, Чайнамнан да кеттім. Лондонға пойызбен кеттім. Лондонға жету оңай-ау, Алматының ана шеті мен мына шетіне жету қиын секілді, оның да бір басынан екінші басына жету ұзақ уақыт алады екен. Сондағы бауырларымның айтуы бойынша, жанындағы ұсақ ауылдарды санамағанда, тек Лондонның өз шекарасы ол шеті мен бұл шетіне дейін 60 км болады. «Тіпті метромен еш көлік тығынынсыз, бағдаршамсыз жүрдім дегеннің өзінде, күніне барып-қайтуыңа 1,5-2 сағат жұмсасаң, демек, тез жеткенің» дейді. Сөйтіп Жаһангер бауырымның айтуы бойынша, «через» Уатерлоу стансасымен Бейкерлеуді айналып өтіп, «КиңсКросс»-қа да жеттім. Сол жақтан «40 пенске (тиын) ішкі және сыртқы қоңырауларға 20 минут телефон шаласың» дегенге 1 поунд (250 теңге!) салып 20 секундтай сөйлесіп едім, қалғанын жұтып қойып, не телефон шалдырмады, не «здашымды» қайтармады. Атыраудағы жігіттер Лондоннан таныс бауырларымыздың телефонын берген. «Лебара» деген сол жақтың симкасын сатып алып, әйтеуір бір тыншыдым. Ол жақта ниқаб киген мұсылман әйелден бастап, сари киген үнді әйелін, не енді болмаса арты ашылатын киім киген жастарға дейін көруге болады. Бір байқағаным, өте қарапайым киінеді. Чайнамдағы супераркет, киім дүкені, аяқ киім дүкендерінде болғанда көргенім, баяғы Кеңес өкіметінің кезінде киімдер қарапайым, бірақ мықты маталардан тігілуші еді ғой?Мен сияқты ауылдан шықпай қалған маңқаға бәрі таңсық, бәрі қызық. Ен халықтың ішінен «именно» маған келіп «Сіз Тимур емессіз бе?» деген бауырымнан да сұрағам «Аузым аңқиып, қазақ екенім көзге ұрып тұр ма? Қалай бірден таныдың?» деп. Күледі… Әйтпесе, ол да, мен де бұрын-соңды бір-бірімізді көрген емеспіз. Сөйтіп Жақсыбек есімді бауырыммен таныстым. «Болашақтық» екен. Болашақ терапевт! Менің дорбаларымды арқаласып, қайтадан метро… Қайтадан ел айналып, қаланың келесі шетіндегі Жақсыбек, Нұрбол, Елдар, Ерік деген жігіттер тұратын шағын коттеджге ат басын тіредік. Барлығы да өзіміздің қаракөз «болашақтықтар». Айына 1 000 поундқа (250 000 теңгедей) жалдап тұрады екен. Дәл жандарында Халал «Қазір әзірі» бар. Ол жақтан бір шай ішіп, хат-хабар алмасып, қайтадан қаланы аралауға шықтық. Қайтадан метро. Манағы жүрген жерлерімді қайтадан айнылп отырып, қай аудан екенін ұмыттым, атақты «Биг Бэн»-ға барып суретке түсіп, Темза өзенін тамашаладым. Одан ары Бэкхингем сарайына «визит» жасадық. Әттең, Елизавета ханшайымды көре алмай кеттімJ

Ақшам уақыты боп қалды да аяқ астынан қапылып, Бейкер стриттегі орталық мешітке асықтық. Көрдім. «Еуропаның мешіттерінде мұнара жоқ» деуші ед, бар екен. Онша биік те емес, онша тапалтақ та емес мешіттің табалдырығын аттадық. Күн батып кеткендіктен, сыртын түсірудің реті келмеді де ішін суретке түсіріп алдым. Мешіт қабырғасындағы бағандарға кітап сөрелерін орналастырған. Құранның неше бір тілдегі аудармалары мен хадистер тұр. Мешіт жанында дүкен бар екен. Қабырғалары еденнен төбеге дейін сықасқан діни кітаптар. Ауылда көрмеген хадис Муслим, Сахих Тирмизи, Фикх туралы неше бір әдебиеттер бар екен. Бардым да қойып кеттім. Жанымдағы бауырымның, «Астындағы Халал кафе жабылып қалады. Метро тоқтап қалады. Сағат біраз болды» деп асықтырғандықтан әрең шықтым. Шындығында да мешіт астындағы кафе жабылып қалыпты. Метро да көп ұзамай тоқтамақ екен. Түнгі 11 ден кетіпті. Қайтадан метролап үйге қарай кеттік.

Келесі күні таңертең Хитроу әуежайына жақсыбек бауырым шығарып салды. Сөйтіп табанымыз британ жерінен көтерілді…

P.S. Ол жақта жаңа технологияның барлық жетістігін адамзат пайдасына жаратуда. Мысалы, метроға болсын, автобусқа болсын билет алғыңыз келсе, кассаға барып әуреге түспей-ақ, арнайы терминалдардан билет ала аласыз. Тиын, қағаз ақшадан бастап, кредиттік карталарға дейін жұмыс жасай береді. Бейзиңстоуктан Лондонға бара жатып, билет алмаққа кезекке тұрғанымда, кассаның жанынан «Why Q? Why not try our self service ticket machines?» деген жазу оқып барып, оң жағыма қарасам, адамдар өздері билет сатып алып жатыр екен. Бұл жалпақ тілмен аударғанда «Кезекке тұрып не керек? Неге билет сатушы құрылғыларды пайдаланбасқа?» деген сөзге саяды. Ал қайдан қайда, немен, қашан бару керектігін кез-келген жерде көзге атойлап тұрған көлік қатынасы картасынан қарауға болады. Соны көріп тұрып ойлағаным «Неліктен Алматы мен Астанада да автобус маршруттарын осылайша картаға түсіріп, барлық аялдамаға қоймасқа?» болды…

P.P.S. Хитроудан ауылға қайтарда да билетімізді терминалдан төлқұжатымызды скан жасатып, өзіміз алдық. Қай орынға отыратыныңды да өз қалауыңа сай таңдайсың. Мезетте қолыңа билетіңді ұстайсың. Ал арғы беттегі агенттер тек қана жүгіңді тіркеп, билетіңе мөр соғумен қызметі аяқталады. Міне – жетістік!

Атырау-Мәскеу-Лондон-Бейзиңстоук-Лондон-Мәскеу-Атырау

9-16.05.2010 жыл

Advertisements

Responses

  1. Бәрекелді! Сапарың жақсы болғанға ұқсайды. Алғаш рет барған адам барлығын бүге-шегесіне дейін тізіп шығатыны жақсы 🙂

    Мешітке барған екенсің. Жамағатымен де танысып үлгерген боларсың. Суреттеріңде үлкендеу қылып шығарасың ба? Әсеріңмен бөліскеніңе рахмет. Күшті!!!

    • Рахмет! Мешіттен, көшеден сүннет киіммен жүргендерді көрдім. Танысқанда енді…
      Кез-келген суреттің үстіне бассаң ашылады ғой үлкейіп?

  2. Тимеке! Кереметтер елинен келуінізбен! Тангажайып дуниелерге тамсанып келгендейсын! туган жерге ат басын тиредин бе?
    Жалпы осы шет елдерге барып келгеннен сон настроением тусип кетеди. Ондагы омирди бизбен салыстырсам… Ех!

    • Рахмет! Адамның жаны жақсыға құмар ғой. Тәнтіліктен тамсанамыз да, әйтпесе ол жақта үш ай тұрып қалсам, шаң-шаң болған Жетібайымды аңсап-сағынып, еліме кері қашар едім. Қонақтыққа баруға болады:))) Ия, елдегі былық-шылықты көріп тұрып жүрегің айниды. Бірақ “ол жақта барлығы судан таза, сүттен ақ” деп және айта алмайсың. Тек жүрекке жылы тиетіні – адам құқығы жоғары қойылған. Барлығы адам үшін. Біздердегіндей “Барлығы шенеуніктер үшін, ал заң халықты легитимді түрде қанау үшін” деген көзге көрінбейтін принцип жоқ секілді. Халқымыз аман болсыншы. “Біздің көшеде де мереке болар”… Аллаһ Тағала Құрани Кәрімде “Өздерің қандай болсаңдар, солай басқарыласыңдар” деген екен… Ендеше өзімнің мәжнүндігімді кімнен көрейін?

  3. Жақсы жазыпсың. Бөліскеніңе рахмет! )

    • Оқығаның үшін, саған рахмет!
      Жиі бас сұғып тұр:)

  4. Оо, Таке, жынды барып қайтқансың ау деп қоям… Құдды, өзім барып келгендей болдыми ғой. Сапарбаян деп осыны айт!

    • Рахмет! Жиі бас сұғып тұр, бауырым!


Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

Categories

%d bloggers like this: