Posted by: timurrr | April 26, 2010

Тіл десе тілім қышиды

Қайда қарасақ та тілдің жыры. Газет, жорнал, отырыс, жиналыс, дөңгелек үстел… Қай тіл болсын, қазақ тілінің мұңы. «Қазақ тілі анадай еді, мынадай еді, енді құрыды. Бітті! Өлдік-талдық» деп жатады. Ішінде өзіміз де бармыз. Жұртқа тіл туралы пәлсапа соғамыз. Былай шыға бере не ағылшынша, не орысша сөйлейміз. Түсінгенім, әркім өзінен бастасын бетбұрысты. Өзі құрметтесін тілді. Мен шет елдік компанияда қызмет етем. Бірнеше ұлт өкілдері қызмет ететін осынау мекемеде негізінен ағылшын тілі алдыңғы орында болса, ресми тіл де қағажу көріп жатқан ештеңесі жоқ. Тағы сол қазақ тілі босағадан бері өте алмай жүр. Бірге шәй ішіп тұрып орысша сайрап тұрған италяндыққа «Неге орысша үйренгенсің? Қазақша неге оқымадың? Бұл Қазақстан ғой?» десем, «Сол қазақ тілі кімге керек айтшы? Көп болса сен сөйлейтін шығарсың қазақша, ал қалғандарына қара, қазақтардың барлығы бір-бірімен орысша сөйлеседі. Мен Қазақстанда көп жүрмеспін. Көп болса 1-2 жыл болармын. Болмаса ол да жоқ. Одан кейін маған қазақ тілі неге керек? Ал орыс тілі құрығанда халықаралық тілі. Бұрынғы КСРО-ның қай еліне барсам да орыс тілін білсем өлмеймін» деп аузыма құм құйды.

Сондай-ақ мекемемізде ішкі корпоративтік электронды пошта жүйесі бар. Сонда жазған хатыңның соңына автоматты түрде аты-жөніңді енгізеді (сигнатура). Шарт бойынша хатымыз ағылшын тілінде болу керек. Қалыптасқан дәстүр бойынша мен де хатымды  «Regards…» деп аяқтап жүрсем, бір күні тегі батыстық әріптес бастығымнан «Құрметпен/Regards…» деген хат кеп тұр. Ал саған керек болса! Өзімнен ұялдым. Сөйтіп «Құрметпен»-ді қостым хатыма қазір. Осылайша өз тілімізді құрметтеуді өзге ұлттан үйренетін болдық. Әрине, хатымыз түгел қазақша болса, тіптен қатып кетер еді. Бірақ осы “Құрметпен” деген сөздің өзі қазақ тілін еске салып тұрғандай. Ең бастысы шет елдік азамат осынысы арқылы мен сияқты маңқаға қазақ тіліне аз да болса құрметі барын ұқтырды және сабақ берді.

«Эйр Астана» жолсеріктерінің, «Казкоммерцбанк», «Кселл»-«Актив» уебсайтының қазақшасы туралы айтпай-ақ қояйын. Қаныңыз қайнап кетер.

..Пысы: 2006 жылы Ақтаудағы «Қазақ тілі қоғамының» тіл мәселесі жөніндегі жиылысына барғанымда, сол қоғамның басы-қасында жүрген бір жазушы көкеміз қазақ тілінің мұңын жырлап тұрып, қала әкіміне орысша жалпақтағаны бар еді…


Responses

  1. Ұзын құлақтан тілді дамытудың он жылдық жоспарын жасап жатыр дегенди естигем… Сол жоспар жолға қойылса, тіліңнің қышуын қандыратын құрал да табылып қалар… :)))))

  2. “Ендеше, мына ағылшын сөздері “қазақша” болгыңда неге “талдаңдап” жүр?

    • Өзге тәлдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте! Қадыр

  3. Неше жылдык жоспар жасалса да, тук пайдасы жок, бос соз… Ешким де казакка оз тилин сактап калуга комектесе алмайды. Ез жане намыссыз халық болганымызды кимнен коремиз?

    • Өзіңнен көресің:)

  4. Бирде биреуге бар билетин орысшамды айтып жатсам, 3 жасар балам жугирип келип, “сен неге орысша сойлейсин, сенин шашын – кара, козин – кара ( тусин айткандагысы), казакша сойле!” дегенде сасканнан не айтарымды билмедим. Шамасы, биз сиякты кенестик заманда оскен мангурттерге караганда, осы буыннан бирдене шыгады ау деп дамелендим. Ар адам баласын курттайынан “Сен – казаксын!” деп тарбиелесе, казак тилинин багы жанады. Озимиз манка болсак та, балаларымызды сактайыкшы…

  5. Атағы дардай тілші, әдебиетші ғалымдардың балалары өз шаңырағында орысша сөйлейтінін естігенде, жағамды ұстағам. Бір мұғалім баласын қазақ балабақшаға барса да, қазақша сөйлете алмай қиналып жүргенін де айтқан да болатын… Қоғамдық автокөліктерде отырсаң да, көшеде кетіп бара жатсаң да, дүкен аралап жүрсең де, орысша шүлдірлейтін қазақтың қарақөз, қарадомалақ балаларын көріп жүрміз. Сонда келешектен не үміт, не қайыр?..

  6. Жалпы “біз андаймыз, мындаймыз, андай халықпыз, мындай халықпыз” деген құр сөзден гөрі, әр адам өзін жөндеген дұрыс секілді. Сонда біз “андай халық, мындай халық” болмаймыз!

    • Дұрыс! Қосылам! Алайда “Айтылмаса сөз атасы өледі” дейді атаңыз Қазақ.

  7. Қазақ тілін қазақша блогтар арқылы дамытармыз. Мына Арыстанның алғашқы қадамдарына не берсіңіз? http://arystan-patsha.blogspot.com/

    Құрметпен,
    Арыстан

    • Бізде блопост ашылмайды…


Leave a reply to timurrr Cancel reply

Categories