Posted by: timurrr | August 24, 2009

Барша мұсылмандардың қаперіне!

islamАтақты Әл-Азхар университетінің танымал бір шәкіртінің айтуынша, «Ислам – ең жас дін» деген сөзді тек топастар ғана айтады екен…
Осы сөзді естіп алып ойланып қалдым… Өйткені, дәл осы тіркесті көп қолданатындардың санатында мен де бар едім… Байқасам, айтып отырғаны дұп-дұрыс екен. Қараңыз, мұсылман баласы Адам Атадан (ғ.с.) Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) Пайғамбарымызға дейінгі Аллаһ тарапынан жіберілген барша пайғамбарларды (ұзын саны жүз мыңның үстінде, нақтысы Аллаға мәлім) мойындайды. Ол – Исламның алты тірегінің үшіншісі. Оған сөз жоқ! (Мойындамайды екенсің, мұсылман емессің). Сол Адам Атадан бастап Құранға дейінгі барлық Алланың түсірген кітаптарына не жазбаларына иман келтіруіңіз керек. Оның ішінде Мұсаға түскен Таурат пен Исаға түскен Інжіл, Дәуітке түскен Забур да кіреді. Ол – Исламның алты тірегінің төртіншісі. (Мойындамайды екенсің, мұсылман емессің). Жоғарыда аты аталған Пайғамбарлар ерігіп келмегені айдан-анық. Алланың дінін әкелді. Құдай біреу-ақ. Барлық Пайғамбарлардың әкелгені – ортағы жоқ, жалғыз Жаратушының діні болса, оларды «Анау мынадай дін, анадай дін» деудің не жөні бар? Демек, менің қорытқаным – дін біреу-ақ. Ол – Құранда да «Алланың алдында қабылданатын дін – Ислам ғана» деп келетін Ислам! Адамның, Нұхтың, Ибраһимнің, Мұсаның, Дәуіттің, Исаның, тағы сол сияқты барша елшілердің әкелгені – бір-ақ дін. Ол – Ислам! Тек, айырмашылығы – бірінен соң бірі жаңарған, өзгерген, толыққан түрде, әр Пайғамбардың тек өзінің қауымына келеді де, Мұхаммедке (с.ғ.с.) толыққан, еш кем-кетігі жоқ кәміл күйінде Қиямет күніне дейінгі барша адамзат баласына және жындарға түседі. Ал «Мен христианмын, яһудеймін» деушілер – соңғы келген Пайғамбарларды мойындамағанынан бөлініп шығып, өздері-өздеріне дін жасап алғандар ғана. Ендеше, «Ислам – ең жас дін» деген не сөз? «Мұсылмандар қолдан дін жасап алды» деген сөз бе?

Advertisements

Responses

  1. Исламды Құранмен байланыстыратын болсақ, әрі Құранның сен атап өткен кітаптардан кейін түскенін бағамдағандықтан оны дүние жүзінде кейіннен таралған дін ретінде танимыз ғой. Ал әдетте “исламды ең жас” дін дегенді оның қазіргі өркениеттегі әлсіздігін ақтап алу үшін пайдаланып жүрген тәрізді.

  2. Біздің қателігіміз сол боп тұр ғой, құрдас. Түсінгенім, Ислам – кейіннен таралған дін емес. Ислам – Адам Атаға (ғ.с.) жіберілген, Мұхаммедпен (с.ғ.с.) аяқталатын ең алғашқы да соңғы дін. “Бізге дейінгі үмметтер намаз оқымады” деп кім айтады? “Бізге дейінгілер ораза ұстамады” деп кім айта алады? Қажылықты да Мүхаммед (с.ғ.с.) ойлап тапқан жоқ. Ал ең алғаш иман келтірген пенде Адам Ата (ғ.с.) болса, ендеше біздің “Ислам – соңғы дін, жас дін” дегеніміз құр далбаса боп шықпай ма? Осымен үшінші рет болып отырған Астанадағы Дәстүрлі діндер сиезінің де негізгі мақсаты осы болса керек. Яғни, күллі адам баласын бірлік туының астына жинау. Өйткені, дін жалғыз. Құдай біреу. “Христианбыз, яһудейміз” деушілердің бүлікшілер екенін тарих дәлелдеп берді. Қазіргі саналы қоғам тұңғыш та ақырғы дін – Ислам екенін түйсінеді. Бәлкім жылдан-жылға санының артуы да осыдан болар… Аллаға мәлім!

  3. Аллаһтың адамзатқа жіберген діні жазғыз ғана. Тек шариғаттары басқа.

  4. Негізінде құран деп атау дөрекілік болады Құран кәрім деу керек.
    Меккені Мекке и мүкерреме
    Мединені Медине и мүнеууере деп атау керек.


Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

Categories

%d bloggers like this: