Posted by: timurrr | August 20, 2009

Дін – Ислам!

Дін Ислам! Мұсылман әлемі…
Осы бір сөздерді жардың арғы бетінде тұрғандар естісе, көз алдарына мылтық ұстап, бет-ауыздарын тұмшалаған баскесерлер елестеп, құлақтарына «Джихад» деген сөздің ызыңдары даусыз болар… Ал өз халқымызға, мұсылманы бар, емесі бар біздің елдің (бәлкім бұл тізімге ТМД-нің өзге халықтарын да қосуға болар) санасындағы мұсылманшылық тек ата-баба аузындағы аңызбен, жұмыс үстелінде емес төрде, сувенир ретінде ілініп тұрған Құранмен, қажылыққа барған алтыншы не жетінші аталарымен немесе өлім-жітімде бой көрсететін молдалармен байланысты. Мен өзімді де сол дымбілместер тобына жатқызамын. (Өйткені, Исламды шын түсінсем әлдеқашан адам боп кетер ем…).
Екі топтың да Ислам жөніндегі түсініктері жоқтың қасы. Бәлкім, менің бұл сөзіме «Бес саусақ бірдей емес. Көзі ашықтар бар ғой» деушілер табылар. Ортада дінге бет бұрған әнші-жыршы, ақын-жазушы секілді интеллигенция топтар болуы мүмкін. Бірақ статистиканы әрдайым азшылық емес көпшілік құрайды. Сонымен…
..Ислам. Құран. Мұсылман. Мұхаммед пайғамбар. Әлемді жаңғыртқан бұл сөздер неліктен біздің санамызды жаңғырта алмай келеді? Неге «Ислам әлемі» десе ұрыс-керіс, айқай-шу, ұрыс-төбелес, атыс-шабыс, жаппай кедейлік, көп әйел алушылық, елді дамуға емес ортағасырлық сауатсыздыққа ғана сүйрейтін машина елестейді? Неге? Кінәлі кім?
Сауатсыз Еуропаға Алгебраны үйреткен, ауру Еуропаға медицинаны апарған, лас Еуропаға моншаны апарған, қатігез-ақсүйек Еуропаға мейірімді жеткізген, қараңғы Еуропаға жарық апарған, «өгіздің мүйізінің үстінде тұрмыз» деуші Еуропаға, жер домалақ екенін алғаш дәлелдеген Әл-Баттанидің ізбасарлары Коперник пен Галилейді отқа өртеген Еуропаға, жалпы адамзат өміріне нұр сыйлаған Исламның бүгінгі мүшкіл халіне кім жауапты? Неге соншалықты гүлдеген Ислам таз қалпына түсті? Неге «Ислам» дегенде өзге түгілі өзіміз «Қойш со дініңді…» дейміз?..
Басқаны білмеймін, мен өзімді кінәлаймын… Мен неге әлемдегі 1,5 млрд мұсылманның санында бармын, сапасында жоқпын? Мен неге Исламды ауызбен ғана жеткіземін, ал ісіммен көрсетуге құлықсызбын? Мен неге өз дінімді өзгеден үйренуім керек?.. Мені осындай сұрақтар мазалайды. Соңғы кезде осы ойдың жетегімен Абаймен, Шәкәріммен, Жүсіп Баласағұнмен өзім үшін қайта танысып жатырмын. Кезінде ол кісілермен тек баға үшін ғана танысыппын… «Исламды түсінетін адамдардың қатарына өту үшін сол кісілер құсап ойлап, сол кісілер құсап сөйлеп, сол кісілер құсап іс қылуым керек» деп ойлаймын. Бұл сөзіме де кейбіреулер «Анау-мынау не керек? Пайғамбардың тікелей өзіне ұқсауға тырыс!» деуі мүмкін. Бірақ мен үшін Пайғамбар ол Пайғамбар. Ал аталған кісілер мен сияқты пенде. Қала берді өзімнің қазағым. Исламды менің қазақи түсінігіме орай тәпсірлеген ойшылдар. «Исламды қазақтың көзін шұқып тұрып түсіндіріп кеткендер» деп ойлаймын… Ал мен ше? Мен не істеп жүрмін? Мен өзімше «қырғын шаруа» атқарып жүрмін. Не дейсіздер ғой? Ол – үй-жұмыс-үй! Бұл «Мұсылман болса осындай болсын» деп, халық мені көрсетпейінше, «Исламды түсінген жоқпын, кәміл мүмкін емеспін» деген сөз… Рас… Жұмалық уағыздан соң формальды түрде аз-маз «оянған» болам… Бірақ нәтижесіз… Сол анда-санда «оянған» сәттерімде Исламның арғы-бергі тарихына көз жүгіртіп қоятыным бар. Сондай уақыттардың бірінде батыстық «ВВС» телеарнасының өніміне тап болдым. Арнайы журналисттік зерттеме. Ислам әлеміне қатысты құжатты фильм. «Не туралы?» дейсіздер ғой? Андалусия туралы. Қазіргі Батыстың ислами тарихы туралы. Аты аңызға айналған Әл-Андалус! Заманында Римнің бай кітапханасында 2-3 мыңдай кітап қоры болса, 600 мың (!) кітабы болған Андалусия! Еуропаны ұйқысынан оятқан Андалусия! Өзім жоғарыда айтқандай, Ислам тарихынан мақұрыммын. Сондықтан бұл картинаның қаншалықты рас-өтірігін білмедім. Өйткені, протестанттар мен католиктер Исламға жақсы атақ беруге онша құлықты емес. Бірақ «Өтірік қосты» дегеннің өзінде де адамзаттың Исламға қарыздар екенін осы деректі фильмнен анық көре аласыздар. Қарап отырып «Әркім өзіне сабақ алады» деген ойдамын. Ендеше, мұсылман бауырлар, Исламның қайта түлеуіне өз үлесімізді қосалық?!

Advertisements

Responses

  1. Хммм, қызық тақырып. Тым ұзақ екен. Асықпай оқып, қарап шығуым керек. Рахмет.

  2. Видоға сілтеме бергеніңе рахмет. Керемет тәптіштеп түсіндірген екен. Көріп, тауыса алар емеспін!

  3. Өте қызық тақырып


Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Change )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Change )

Connecting to %s

Categories

%d bloggers like this: