Posted by: timurrr | October 10, 2010

Қоныс ауыстырдым

Көшпендінің ұрпағымын ғой:)
“Ескертемін” деп үнемі ұмытып кете беремін.
Белгілі бір себептерге байланысты, қазір мына адрестемін: http://timurrr.co.cc

N900 соткамнан жазып отырмын. Казах ариптеринин жоктыгы болмаса, блогты баскару жуйеси де, rss feeder де керемет. Туиттери тамаша!

Posted by: timurrr | May 31, 2010

Сарайшыққа саяхат

This slideshow requires JavaScript.

Бүгін жігіттер боп Сарайшыққа бардық. Кезінде кіші хан ордасы болған жер. Табиғаты әдемі. Тарих қойнауында қалып бара жатқан жер. Сарайшықтағы мұражай директорының айтуы бойынша, қазба кезінде хан ас ішетін тостаған кесе табылыпты. Үлкендігіне қарамастан жеңлдігі қағбақтай бұл кесенің қасиеті – ыдысқа салынған аста у болса, бірден кесенің түсі өзгереді екен. Ауылдық жердегі мұражайды күзетуге көңіл бөлінбегендіктен, аса маңызды тарихи жәдігердің қолды болуынан қорқып, Астанадағы Президент Мұражайына тапсырыпты. Егер жол түссе, Елордадан көре аласыздар:)

Сарайшық қаласында да кезінде кәріз (канализация) жүйесі болған. Тарихшылардың айтуынша, керуен сарайын уақытында қайнап жатқан  көрінеді. Шығыстан бастау алатын сауда керуені Батысқа осы жерді басып өткен екен.

Posted by: timurrr | May 26, 2010

Қайран, Абай, қазағың..

Сілтемеден сілтемеге өтіп отырып, kazneb.kz атты мемлекеттік кітапхана    қорынан бір шықтым да, электронды кітаптар бөліміне өту үшін тіркеле салғам.    Сөйтіп бета нұсқадағы қызметті тамашалап отырып, «кітап іздеу» деген жерге  Абайды енгізгем, әр жылдарда баспа бетінен жарық көрген бас ақынның өлең  жинақтары, шығармалары шықты. Бір жақсысы – кітаптың толық нұсқасын  электронды түрде парақтай аласыз да, пдф нұсқасындағы тек қана алғашқы 24  бетін көшіре алады екенсіз. «Жалын» баспасынан 1995 жылы ақынның 150  жылдығына арнайы шыққан «Қалың елім, қазағым» атты шығармалар жинағын  көшіріп алдым да, қарауға көштім. Бақсам,.. мен бұрын естіп көрмеген, оқымаған үш  өлеңі дәл алғашқы беттеріне шығыпты. Оның бірі –

«Кім екен деп келіп ем түйе  қуған,

Қатын ғой күлдәрімен белін буған.

Төркінінің бергені жауыр айғыр,

Бауырыңды ұрайын бірге туған!», – десе, екіншісі одан да асып түсіп былай  дейді: Read More…

Posted by: timurrr | May 25, 2010

Жолбаян

..Дәл бір аптаға созылған сапардан елге де келіп қалдық…

Біздер «Арнайы жобаның» элиталық «әскерлері» болғандықтан, Англияға PRINCE2 атты курсқа жіберген болатын. Сапар өте қызықты болды. Бұл менің ел аумағынан алғаш шығуым. Уақыт айырмашылығының өзіндік жақсы да жақтары бар екен. Атыраудан таңғы 6-дан 10 кеткенде әуеге көтерілген біз 10 сағаттан соң Лондон әуежайына қонсақ та, ол жақ бізден 4 сағат кейін болғандықтан, дәл түскі 12 болды. Сөйтіп бесініме жайбарақат үлгердім. Компанияның курсты ұйымдастырушылармен келісіп отырып, трэйниң өтеді деп белгілеген жері – Хэмпшир ауданындағы Бэзиңстоук қаласының маңындағы Чайнэм деген елді мекен екен. «Ауыл» десек те болады. Бірақ тазалығына сөз жетпейді.

Англияға Мәскеу арқылы бардық та аралық әуежай Домодедово болды. Дәл 9 мамыр, айтулы күн болғандықтан тексеру өткеліндегі орыс-қатынға өзімше барлық шат-шадыман кейпіммен «Мерекеңізбен!» десем, «Бүйткен мерекесі құрсын. Жасап бердіңдер мерекені! Былшырамай, ұйықтамай болсаңдаршы!» деп ұрсып кеп бергені дейсің… Read More…

Posted by: timurrr | April 26, 2010

Тіл десе тілім қышиды

Қайда қарасақ та тілдің жыры. Газет, жорнал, отырыс, жиналыс, дөңгелек үстел… Қай тіл болсын, қазақ тілінің мұңы. «Қазақ тілі анадай еді, мынадай еді, енді құрыды. Бітті! Өлдік-талдық» деп жатады. Ішінде өзіміз де бармыз. Жұртқа тіл туралы пәлсапа соғамыз. Былай шыға бере не ағылшынша, не орысша сөйлейміз. Түсінгенім, әркім өзінен бастасын бетбұрысты. Өзі құрметтесін тілді. Мен шет елдік компанияда қызмет етем. Бірнеше ұлт өкілдері қызмет ететін осынау мекемеде негізінен ағылшын тілі алдыңғы орында болса, ресми тіл де қағажу көріп жатқан ештеңесі жоқ. Тағы сол қазақ тілі босағадан бері өте алмай жүр. Бірге шәй ішіп тұрып орысша сайрап тұрған италяндыққа «Неге орысша үйренгенсің? Қазақша неге оқымадың? Бұл Қазақстан ғой?» десем, «Сол қазақ тілі кімге керек айтшы? Көп болса сен сөйлейтін шығарсың қазақша, ал қалғандарына қара, қазақтардың барлығы бір-бірімен орысша сөйлеседі. Мен Қазақстанда көп жүрмеспін. Көп болса 1-2 жыл болармын. Болмаса ол да жоқ. Одан кейін маған қазақ тілі неге керек? Ал орыс тілі құрығанда халықаралық тілі. Бұрынғы КСРО-ның қай еліне барсам да орыс тілін білсем өлмеймін» деп аузыма құм құйды.

Сондай-ақ мекемемізде ішкі корпоративтік электронды пошта жүйесі бар. Сонда жазған хатыңның соңына автоматты түрде аты-жөніңді енгізеді (сигнатура). Шарт бойынша хатымыз ағылшын тілінде болу керек. Қалыптасқан дәстүр бойынша мен де хатымды  «Regards…» деп аяқтап жүрсем, бір күні тегі батыстық әріптес бастығымнан «Құрметпен/Regards…» деген хат кеп тұр. Ал саған керек болса! Өзімнен ұялдым. Сөйтіп «Құрметпен»-ді қостым хатыма қазір. Осылайша өз тілімізді құрметтеуді өзге ұлттан үйренетін болдық. Әрине, хатымыз түгел қазақша болса, тіптен қатып кетер еді. Бірақ осы “Құрметпен” деген сөздің өзі қазақ тілін еске салып тұрғандай. Ең бастысы шет елдік азамат осынысы арқылы мен сияқты маңқаға қазақ тіліне аз да болса құрметі барын ұқтырды және сабақ берді.

«Эйр Астана» жолсеріктерінің, «Казкоммерцбанк», «Кселл»-«Актив» уебсайтының қазақшасы туралы айтпай-ақ қояйын. Қаныңыз қайнап кетер.

..Пысы: 2006 жылы Ақтаудағы «Қазақ тілі қоғамының» тіл мәселесі жөніндегі жиылысына барғанымда, сол қоғамның басы-қасында жүрген бір жазушы көкеміз қазақ тілінің мұңын жырлап тұрып, қала әкіміне орысша жалпақтағаны бар еді…

–        Біз Құраннан алшақтап кеттік. Сондықтан да осындай таз қалпымызға түстік.

–     Мен:   Дұрыс айтасыз. Құраннан да, Суннадан да алыстап кеттік.

–        Қайдағы Сунна? Құран тұрғанда «Сунна» деген не өзі?

–       Мен:  Сунна деген Пайғамбар ісі мен сөзі?

–        Ал Алланың сөзі ше?

–        Мен: Ол да бар.

–        Онда неге Сунна дейсің?

–        Мен: Сунна бізге қалай намаз оқуымызды, қалай Алланың бұйрығына сай әрекет етуімізді үйретеді.

–        Хехе, сонда Аллаһ Тағала бізге қалай намаз оқуымызды айтуға жағдайы жетпей қалды ма, әлде білімі жетпей қалды ма?

–        Мен: Туу, не деп кеттіңіз? Аллаһ Тағала Құранда тек маңызды, негізгі мәселелерді ғана айтқан. Ал Сунна арқылы біз, мысалы, намаздағы сәжде, рукуғтарды үйренеміз. Қажылықты қалай атқаруды Суннадан үйренеміз, және т.с.с. Сіз мысалы Суннаға бағынбасаңыз, неге қажылықта жұртқа қарсы жүріп, Қағбаны теріс айналмайсыз?

–        Жоқ, ол түсінікті ғой, бірақ неге сен хадиспен жүруің керек? Алланың сөзі, Құран қайда қалады? Неге сен Суннамен жүресің? Неге Құранмен жүрмейсің?

–        Мен: Мен Құранмен жүрем!

–        Қалайша?

–        Мен: Құранда «Маған жән Елшіме бойұсыныңдар» деген. Мен соған амал етудемін.

–        Жоқ, сен христиандық үлгіні қайталаудасың. Сен Мұхаммедке табынудасың.

–        Мен: Астағфируллаһ, не деп кеттіңіз? Дәлелдеңіз? Түсініктеме беріңіз? Read More…

Posted by: timurrr | April 26, 2010

Nokia N900

..Бір көргеннен ғашық болғам. Ақыры қолыма түсті. Бұл – Nokia N900!

Read More…

Posted by: timurrr | April 13, 2010

Сәтсіздік кілті

“I don’t know the key to success, but the key to failure is trying to please everybody.”
— Bill Cosby, Comedian

..бүгінгі “Quote of the day”-дан осыны оқыдым. Оқыдым да таң қалдым. Қаперге алатын жайт екен.

Posted by: timurrr | March 18, 2010

Change Your Thinking, Change Your Life!

Қазір жүйелі/желілі (сетевой) маркетингтің дәурені өткен сыңайлы. Пирамиданың басындағылар қазақтың қалтасындағы соңғы теңгесін “американдық арманмен” алдап түгескесін, ендігі кезек НЛП-ге (Нейролингвистикалық программалау (немесе бағдарламалау)) келген секілді. Қай кітап дүкеніне бармайын, қай сайтты ашпайын, “Change Your Thinking, Change Your Life (Өзгеше ойлан, өміріңді өзгерт)”, “Начнем думать иначе!”, “Измените свою жизнь!” деген жарнамадан көз ашпайтын боп жүрмін. Жаңа ғана Брайан Трейсидің кезекті “спамын” қарап отырып, ойланып қалдым… Бұл өмірде не жазылса да адамзатқа арналып жазылады. Ендеше барлық НЛП де солай. Ал сонда барлық адам өмірін өзгерту керек болса, жұрттың барлығы өзгеше ойлауы керек болса, сонда әлем жұртшылығы өзгенің өмірін сүріп жатырғаны ма? Адам баласы ойлау жүйесін өзгертетіндей, не ойлап жүр, әлде не ойламай жүр? Ойлап қараңызшы, бүкіл адамзат НЛП әдістемелігін бір күнде қолына алып, “өзгеше ойлап”, “өмірін өзгерте” бастаса… Не болады? Қызық… Жалпы осы “Өзгеше ойлау” мен “Өмірді өзгерту” деген терминдерді қалай түсінуге болады? Анығын айтар жан бар ма екен?..

Пысы: Осыдан бір-екі жыл бұрын “Time Management” (Уақытты тиімді пайдалану) деген ұғыммен танысқанда, “Осы американдықтар қызық. Өз уақытын қалай пайдаланатынын әркім өзі білмей ме? Шығармайтындары жоқ…” деп күліп қойып ем. Бүгінде сол әдіске жүгінуге тиіс боп жүрген маған тілімді тістемеске амалым жоқ.

Older Posts »

Categories