Posted on Қыркүйек 1, 2009 by timurrr
Осыгүні бір мұсылман бауырларымыз шықты әнебір көшедегі қыздар сияқты. Базбір бойжеткендер бар ғой сол, көйлектеріне мата жетпей, емшегі жалтырап, кіндігі жарқыраған. Шын ұяла ма, өтірік қылымис ма Құдай білсін, әйтеуір ашылып кете беретін кіндігін көйлегімен жиі-жиі жауып, өзі қысқа етекті төмен тартып-тартып қояд. Әлгі мен айтып отырған бауырларымыз да сондай. Айырмашылығы, қыздар алдын жапса, бұлар [...]
Жазылған : Uncategorized | Tagged: Мұсылман әдебі | 11 Пікірлер »
Posted on Тамыз 20, 2009 by timurrr
Өмір, достық, махаббат, көңіл
Жазылған : Uncategorized | Leave a Comment »
Posted on Тамыз 20, 2009 by timurrr
..Негізі мен қазақ боп туғаныма мақтанам… Бірақ кейде зығырданым қайнайтын кездер де жоқ емес. Дәл қазір сондай жағдайда отырмын…
..Сүйгеніме жете алмай жүрмін. «Қолтықтап кете бермегесін» деп ойлап қоям… Бітпейтін қазақи процедура күтіп тұр алда. Құда түсу, сырға салу т.с.с. кете береді. Сосын құдалық, кит, ілу, өлі-тірі, келген-кеткен, қалған-құтқан, обшым таусылмайды. Өзге халықтарда бұ жағы қалай [...]
Жазылған : Uncategorized | Tagged: Бойдақ, салт-дәстүр, үй болу | 11 Пікірлер »
Posted on Тамыз 20, 2009 by timurrr
..Осы мен намаздан тыс уақытта да Алланың құзырында екенімді ұмытып кете берем…
Жазылған : Uncategorized | Leave a Comment »
Posted on Тамыз 20, 2009 by timurrr
Мен осы бір нәрсені ойға алсам, «Құдай қаласа» деп Аллаға итере салам. Өзім тіпті сол ойға алынған нәрсе туралы ниеттенбеймін де… Өйткені, өзім соны ынты-шынтыммен қаламаймын. «Қалаймын» дегенмен ар жағында мойным жар бермей тұрады. Себебі, сол ойға алғаным Алланың қаламағанынан емес, өзімнің құнтсыздығымнан, еріншектігімнен, жалқаулығымнан орындалмай қалып жатады. Соны аузы-басым қисаймай, «Аллаһ қалаған жоқ» деп [...]
Жазылған : Uncategorized | Tagged: Уақыттың маңызы, бүгін, ертең, еріншектік | Leave a Comment »
Posted on Тамыз 17, 2009 by timurrr
Адам жалпы мақтаншақ боп келеді. Қазақ «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас» дегенді мен сияқтыларға қаратып айтса керек. Бір-екі кітап оқып алсам, айналама тоқмейілсіп қарайтыным бар… Баяғы өзіміз танып-өскен Аяз бидің «Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» деген қанатты сөзі бар емес пе еді? Сол сияқты мен де сондай бір өзімше «адам» боп кеткен кездерімде [...]
Жазылған : Uncategorized | 4 Пікірлер »
Posted on Тамыз 17, 2009 by timurrr
Өмір туралы көзқарасым өте таяз болса керек, шамасы, бір әріптес апаммен сөйлесіп отырғанда: «Тимур, думай широко!» деді…
Жазылған : Uncategorized | 2 Пікірлер »
Posted on Тамыз 17, 2009 by timurrr
Бірінші сыныпқа барғанда бойым 90 сантиметр болғаны әлі есімде…
Жазылған : Uncategorized | 2 Пікірлер »
Posted on Тамыз 15, 2009 by timurrr
..Универді енді бітіріп, үлкен өмірге аяқ басқалы отырған мені өзім құрметтейтін бір ағам шақырып алып, әңгімелесіп отырғанда: «Ешқашан абыз болма! Айт! Жаз! Бірақ жұртқа ақыл соғып, езіп отырып алма! Не айтқың келеді, қоспасыз, тікелей жеткіз!» деген болатын…
..Бірнәрсе жазарда осы сөз үнемі еске түсіп, «Абыз болып отырмын ба?» деп қоям… Бәлкім… Бірақ дәл қазір «Өз күнделігіме [...]
Жазылған : Uncategorized | 7 Пікірлер »
Posted on Тамыз 12, 2009 by timurrr
Кейде өзімді ақылды сезінетінім соншалықты, кейбіреулердің өмірді асхана мен әжетхананың ортасына жол салу деп түсінетініне мысқылмен қараймын… Сорақысы - сөйте тұра өзім солардың қатарына қалай қосылып кеткенімді білмей қаламын…
Жазылған : Uncategorized | Leave a Comment »