This slideshow requires JavaScript.
Бүгін жігіттер боп Сарайшыққа бардық. Кезінде кіші хан ордасы болған жер. Табиғаты әдемі. Тарих қойнауында қалып бара жатқан жер. Сарайшықтағы мұражай директорының айтуы бойынша, қазба кезінде хан ас ішетін тостаған кесе табылыпты. Үлкендігіне қарамастан жеңлдігі қағбақтай бұл кесенің қасиеті – ыдысқа салынған аста у болса, бірден кесенің түсі өзгереді екен. Ауылдық жердегі мұражайды күзетуге көңіл бөлінбегендіктен, аса маңызды тарихи жәдігердің қолды болуынан қорқып, Астанадағы Президент Мұражайына тапсырыпты. Егер жол түссе, Елордадан көре аласыздар:)
Сарайшық қаласында да кезінде кәріз (канализация) жүйесі болған. Тарихшылардың айтуынша, керуен сарайын уақытында қайнап жатқан көрінеді. Шығыстан бастау алатын сауда керуені Батысқа осы жерді басып өткен екен.



salam alaikum
aslan men asilbek klastastarim go -)
By: Zhandos on November 5, 2010
at 8:49 pm
Уағалейкумассалам! Бәрекелді
By: timurrr on December 6, 2010
at 11:34 pm