..Бір көргеннен ғашық болғам. Ақыры қолыма түсті. Бұл – Nokia N900!
Релиз осы жылдың басынан басталды, қателесепесем. «Nokia» компаниясының атақты «N» сериясындағы кезекті «сұлу». «Интернет таблет» деп те аталады. Бір көргенде төрт бұрышты, қырлы, тұрпайы боп көрінгенімен “қолға ұстап, пайдаланғанда өте икемді” деп айтуға болады. Маған ұнады. Әрине өзіндік кемшіліктері бар, алайда кемшін тұсын сәл кейінірек айтамын.
Жалпы техникалық мінездемелерін интернеттен табуға болады, мен тек маңыздыларына шолу жасасам: гаджет «Linux» операциялық жүйесінің (ОЖ) негізінде (қателеспесем Ubuntu секілді көрінді) құрылған «Maemo5» ОЖ-мен қамтамасыз етілген. Нокиа бұл жолы қолды әріге сілтеген секілді. Өйткені, «Биллдің баласы» жүрген жерде үнемі айқай-шу бірге жүретінін барлығыңыз білесіздер. Біресе «тормоз» дейді, біресе «қымбат» дейді, әйтеуір құлтемірдің айналасында жүрген халайық «желдеткішке» сын айтуға шебер. Бәлкім Нокиа өзінің жаңа туындысын шығарарда осы пікірлерді де қаперге алған болуы керек. Неге десеңіз, «Терезе» өз нарығын қалыптастырған, қанша пікір қайшылықтары болса да өз тұтынушысын ұстап тұрған өнім болатын. Бірақ пингвиннің жанкүйерлеріне өте керемет сыйлық жасаған Нокиа «никсті» таңдапты… Біріншіден, бұл Маемо ОЖ тегін таратылады және бұл «қайнар көзі ашық» бағдарламаға өз үлесіңізді қосуға әбден мүмкіндігіңіз бар. Қалған параметрлері осыған дейін өмірге келген «n97»-ге өте ұқсас. 32 гигабайт жадысы бар. Қосымша 16 гектар флэшка салуға болады. Әрине, бұрынғы әріптесінен қалыспай 5 мегапиксель фотокамераны «арқалап» алған (бір емес 2 жарықбергіші бар). Ал 3,5 миллиметрлік стандартты аудиоөзек ешкімге таңсық емес деп ойлаймын. Менің осыған дейін ұстап келген «i-mate K-Jam» деп аталатын бұрынғы «ғашығымда» бар стандартты мини-USB (Русланннн-ның аудармашы тәтесі айтқандай «Әмбебап сериал автобус») әлі ешбір Нокиада болмай тұр. Бұл «ойыншықта» да әлі көп тарала қоймаған микро-юэзбилардың бірі тұр. Бұны кемшілікке де жатқызуға болар бәлкім…
Әрі қарай… 600 мегагерц тактілік жиіліктегі процессор, 256 мегабайт физикалық, 768 МБ виртуалды, барлығы 1 гига оперативті жады, стандартты «qwerty» пернетақта, GPS-бағыттаушысы, PowerVR SGX бейнекүшейткіші, әрине Wi-Fi – бұл мен айтып отырған аппараттың негізгі «темір-терсектері» туралы ақпарат. Интернет-таблет болғандықтан web-шолғыш туралы айтпай кету мүмкін емес. Бұл аппарат барлығыңызға таныс “Mozilla” технологиясымен жұмыс істейтін Maemo атты web-шолғышпен жасақталған. “Firefox”-тың өзін де қондыруға болады. Бұл қалтафонның ұсақ-түйек «кереметтері» туралы айта берсек таусылмас. Алайда кезекті кемшін тұстарына бергенді жөн көріп отырмын.
Ең басты кемшін тұсы (әрине менің жеке көзқарасым бойынша) – «Java» технологиясына ала көзбен қарайды. Кейін интернеттен қарап көрсем, қара күшке салып отырып, әлімжеттікпен «Opera»-ны қондыруға болады екен. Алайда, оның өзі «Русланннн секілді энтузиасттардың еншісіндегі тәсіл ме» деп қалдым. Өйткені, ол үшін «никстен» хабардар болу керек. «Жава» жүрмеген жерде майл-агент тағы жоқ. Өйткені бұрынғы нокиалардағы Симбайнға арналған агент пен «терезеге» арналған агент бұған жүрмейді. Оны да «root» папкасына күшпен «доступ» алу арқылы бірдеңе қып қондыруға болады екен. Алайда оған менің жүрегім дауаламады. Себебі, әлемтордағы білгіштер бұл қалтафонға арнайы жазылған бағдарламаның барлығын әуелі бірігіп отырып сынақтан өткізіп барып, арнайы қоймаға «қотарады» (муахаха) екен. Содан кейін барып мен сияқты «шәйнектер» сол жерден өз қалтафондарына орнатуға мүмкіндіктері бар. Сөйтіп, мен енді сүйіктіммен агент арқылы «гәпіре» алмайтын боп отырмыыыыыыыыыыыыыыыыыыыын… Тағы бір мен ұнатпаған кемшін жері, бәлкім барлығыңызды да таңырқатар – MMS функциясы жоқ. Пысық жігіттер оған да жол тауыпты, алайда мен олай шұқып, былай шұқып, ең соңында басым қатып қоя қойдым. Бәрін дұрыс жасадым, алайда Кселлдің «access point»-ы әр жерде әртүрлі жаззылып, қайсысын таңдарымды, портын да қалай қоярымды білмедім. Ол дегеніңіз, мен сүйіктімнен енді әдемі фотолар ала алмаймын деген сөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөз… Айтпақшы, оффтоп! Русланннн және Техносиндром-Ереке сияқтылар виртуалды ҚАЗАҚША клава жасауға қалай қарайды екен?.. «Түйенің танитыны жапырақ» болса, менің танитын программерлерім осылар…
Бағдарлама дедік қой, бұл қалтафонның жайсыз жері сол, енді бұрынғыдай кез-келген сайттан өзіңіз ұнатып көшіріп алған бағдарламаңызды оп-оңай қондырып ала алмайсыз. Манағы айтқанымдай, барлық қондырылуға тиіс бағдарламалар әуелі «Бағдарлама мэнеджері» арқылы өтуі тиіс. Яғни интернеттен, арнайы репозиториден ғана қондырасыз. Онда да оның үш түрі бар. Extras, Extras-testing, Extras-devel. «Extras» санатындағы бағдарламаларды еш қаймықпай қондыруға болады. Сынақтан өткен. «Extras-testing» санатындағы бағдарламалар әлі тесттен өту кезеңіндегі, алайда жақсы баға алған бағдарламалар. «Бұларды да ойланбай қондыруға болады» депті білгіштер. Ал «Extras-devel» дегенге біз жауап бермейміз, өзің қарарсың, әлі тесттен өтпеген деген «отмазка» қалдырыпты. Оны да активация жасау үшін интернетті біраз шарлауға тура келді. Мен шұқыған «fmms» деп аталатын ммс жіберу үшін арналған бағдарлама «Extras-devel»-ге активация жасаған соң ғана шықты. Оны білгіштер әлі тесттен өтпеген, белгісіз адамдарың өздері жасап, интернетке шығарған, даму үстіндегі бағдарламалар, сондықтан «қалтафоныңызға бірдеңе болса біз жауап бермейміз» деген ескертпемен қойыпты. Бәлкім менің «ммс»ті қондыра алмағаным сондықтан болар. Оның үстіне біздің «сүйікті» Кселлдің «MMSC» деген конфигурациясын Кселлдің өз сайтынын іздеп таба алмадым. Өзіме ауадай қажет дүниенің бірі – ағылшын-орыс сөздігі болғандықтан үйреншікті Лингвомды іздеп едім, оны жасаушылар «Линуксқа Лингво жасау ойда жоқ. Тіпті жоспарламаймыз да» деп шорт кесіпті. Шаммен іздеп отырып әйтеуір «QstarDict» дегенді таптым.
Өзіме ұнамағаны: білезікке тағып алатын бауын өткізетін тесікті қалтафонның сол жағынан шығарыпты. Өте ыңғайсыз. Қалтафон менің қолымда үнемі жүретіндіктен оны бауымен білезігіме өткізіп алатын едім. Енді бұл ыңғайсыз боп тұр. Фотокамерасының сапасы көңілімнен шыға қоймады. Бәлкім менің қолым дірілдеуік… Qwerty пернесі 3 қатардан тұрады. Бұрынғы «i-mate»-ім 4, соңғы шыққан «НТС»-лар 5 қатардан тұратындықтан, 3 қатарлы клава өте ыңғайсыз және жоғарғы батырмалары корпусқа өте жақын. Тіпті менің жіңішке саусақтарым үшін де ыңғайсыз. Ол жерге кейбіреулердің быттиған саусақтары қалай баратынын білмедімммммм….
Клаваны жауып, вертикалды қалыпқа көшкенде тек телефон функциясы ғана вертикалды қалыпқа келеді. Қалған менюлерде қайта горизонталды қалыпта ұстауыңызға, яғни екі қолыңызды да пайдалануыңызға тура келеді. Ол әсіресе автобуста, көлік басқарып келе жатқанда, екінші қолыңыз бос болмаған, өте асығыс кезіңізде айтарлықтай проблема! Әйтеуір контактілерді іздеу мен қоңырау шалуды вертикал қалыпқа қойғанына да шүкіршілік.
Жақсысы: бір емес 4 десктоп бар. Арнайы виджеттер мен таңдаулы бетшелеріңізді соған қойып қойып, ұсқынбук, ту-итттер (әсіресе Өрімталдың таусылмайтын туйтін десктопқа сол мезетте шығарып тұра алатын қасиеті бар), гугл жандайшап, овихана секілді сервистерге жылдам шыға аласыз.
Көптеген аудио-бейне, сондай-ақ, өзім үнемі пайдаланатын *.flv файлдарын да ойнатуға болады. Қалаған таңдаулы адамдарыңызды да декстопқа шығарып, соққыңыз келгенде үстінен баса қойсаңыз болды. Тағы бір кереметі – біреуге телефон шалғыңыз келсе, қай жағдайда тұрса да пернеден соладамның атын терсеңіз, контактілер тізімі шығып, іздеген адамыңызды тауып береді. Ол үшін арнайы контактілер деген функцияға барып қажеті жоқ. Ал интернеті енді… жылдаааааааааааааам!!! Тіміскілеп жүріп десктопқа траффик санағыш қондырып алдым. Көз алдымда Кейселлдің джпеэрэс пакетінің мегабайттары шуылдап жатыр…
Кәдуілгі лэптоппен дұрыс кіре алмайтын әлсіз вайфайларға оңай әрі тез қосылып тұр. Экранының сапасына сөз жетпейді. Даусы да жаман емес. Тек стилуспен ғана емес саусақпен де «тачскрині» жақсы жасайды. Бұл жерде әрине менің жіңішке саусақтарым көмекке келедіJ PDF форматты жарық жылдамдығымен ашады. Әрине, оперативті жады мен процессоры жақсы болғандықтан «мультитаск» қызметі бар.
Яғни бірнеше жұмысты қатар атқаруыңызға болады. Компьютердегі «свернуть» деген секілді. Бірнеше сайттармен еркін жұмыс жасай аласыз. Негізі орыс және ағылшын тілді тұтынушы үшін таптырмас мини-комп. Өкінішке орай қазақ тіліне әлі жатмінезділеу боп тұр. Енді жарық көргеніне қарамастан, Нокианың ревлоциялық жаңалығы елді қуантады деп ойлаймын. Әлі де айтарым көп. Алайда осымен шектелгенді жөн санадым. Алып-қосарларыңыз болса, комментке жол ашық.
Пысы: «QstarDict» дегеннің плагиндерін қондырдым. “Мультитраннан” әлдеқайда жақсы ма деп қалдым…











ужс… әзер оқып біттім ғой… неге қызықтың бұл телефонға? жақсы жақтарынан гөрі жағымсызы көп сияқты ғой…
By: balgyrgan on May 2, 2010
at 12:28 am
By: timurrr on May 2, 2010
at 2:12 am
Таке, құтты болсын! Мен де жақында Нөкиәнің 6760 деген өнімін алып мәз болып ем… Мынауыңыз керемет дүниә екен дә… Құтты болсын! Игілігіңе мін деген…
By: Азамат Азаматұлы on May 3, 2010
at 8:31 pm
Рахмет, әмин! Сен де игілігіңе пайдалан:)
By: timurrr on May 3, 2010
at 9:16 pm
Бағасы қанша екен ә?
By: Мейіржан Әуелханұлы on June 23, 2010
at 4:36 pm
530 долларға алдым
By: timurrr on November 17, 2010
at 11:49 pm